Мемлекет технология мен жасанды интеллект форумы Digital Bridge 2025 іс-шарасын өткізуге бір тиын да жұмсамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин.
– Форум мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды, демеушілер есебінен өткізіледі, – деді ол.
Десе де, екі күн қатарынан өтетін ауқымды шараға демеушілер қанша құйғанын айта алмады. Ол журналистерге ресми сауал жолдауды ұсынды.
– Бұл ақпарат менде жоқ, себебі оған локацияны дайындау, спикерлердің трансфері сияқты ауқымды жұмыстар кіреді. Өкінішке қарай, дәл қазір нақты соманы атай алмаймын, сауал жіберсеңіздер, баспасөз қызметі жауап береді, – деді вице-министр.
КОНТЕКСТ
Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтіп жатыр. Шара цифрлық инновациялар мен болашақ технологияларын талқылайтын басты алаңға айналды. Форум жұмысына президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ресми сапармен келген Венгрия Президенті Тамаш Шуйок және әлемдік IT-сарапшылар қатысуда. Олардың қатарында Telegram негізін қалаушы Павел Дуров, Sinovation Ventures пен 01ai басшысы Ли Кай Фу, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International басшысы Мансур Ибрагим Әл Мансури және Стэнфорд профессоры Илья Стербулаев бар.