Болат Назарбаевтың ұлы тақырға отырды

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың тақырға отырғаны туралы іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Shishkin Like телеграм аранасының мәліметінше, Нұрбол Назарбаевтың қарызы 58 миллиард теңгеге жеткен. Оның банк шоттары мен мүлкі бұғатталған. Бұған қоса, оған шетелге шығуға тыйым салынған. Ол қозғалған іске байланысты кредиторларына арыздануға он күн уақыты бар.

Бұған дейін, Қайтарылған активтер жөніндегі комитеті Нұрбол Назарбаевтың 57 млрд теңге активін мемлекетке өткізген. Ал депутат Ринат Зайытов прокуратурадан Назарбаевтың компаниялары мен мүліктеріне «инвентаризация» жасауды сұраған.

Нұрбол Назарбаевқа тиесілі компаниялардың тізімі:

- Prime cap (жою сатысында);

- Prime Capital Real – Алматы облысында 3 жер телімі мен 22 нысан;

- Prime Capital Re Plaza – Алматыда 2 жер телімі;

- Prime Capital Re Ushkonyr – Шамалғандағы жер;

- Prime Capital Re Alakol;

- Prime Capital Re Talgar – Талғардағы жер, арақ-шарап зауыты;

- Prime Capital Re Karasay – Үшқоңырдағы жер телімі және ауылшаруашылығына қатыстыкомпаниялар арқылы басқа да жерлер;

- «Бахар-А» салтанат үйі – Қарасай ауданында орналасқан;

- Prime Capital Invest – қаржы қызметтері;

- Qaz-Ak-Kus – Іле ауданындағы құс фабрикасы;

- PLS-TM және PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы – АЗТМ-дегі үлесі бар.