"Күн сайын 500 адамынан айырылып жатыр": Ресей армиясының 2025 жылғы шығындары жарияланды

Ulysmedia
riamediabank.ru

Ресей Украинадағы соғыста күн сайын шамамен 500 адамнан айырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ
Украинаның «Хочу жить» жобасы 2025 жылғы Ресей Қарулы Күштерінің шығындары бойынша статистиканы жариялады: 8 айда 281 550 адам (қаза тапқандар, жараланғандар және із-түссіз жоғалғандар) үйіне оралмаған.

Олардың ішінде:

  • 86 744 адам қаза тапқан, соның ішінде 1 583 офицер және 8 633 бұрынғы тұтқын;
  • 33 966 адам із-түссіз жоғалған, оның ішінде 11 427 бұрынғы тұтқын;
  • 158 529 адам жараланған, соның ішінде 6 356 офицер және 16 489 бұрынғы тұтқын;
  • 2 311 адам тұтқынға түскен.

Әскери техника бойынша шығын:

  • 13 145 бірлік техника толық жойылған;
  • 48 458 бірлік — қалпына келтіруге болады.

Орташа айлық шығын:

  • 35 193 адам,
  • 7 700 техника бірлігі, оның ішінде 1 643 бірлік.

Пікір:
— Ресей армиясы тәулігіне бір батальон көлемінде — орта есеппен 496 адамды өлгендер мен із-түссіз кеткендер қатарында жоғалтып отыр. Ай сайын Ресей Қарулы Күштерінің 7 бригадасы толық құрамымен жойылады.

Бұл көрсеткіштер Кеңес Одағының Шығыс Пруссияға шабуыл операциясындағы шығындармен салыстыруға болады: ол кезде 126 мың сарбаз қаза тапты, бірақ соның нәтижесінде солтүстік Польша мен бүкіл Пруссия, оның ішінде Кёнигсберг бекінісін басып алған.

«Ал қазіргі Ресей генералдары еш нәтижесіз, тиімсіз әскери шешімдер арқылы 120 мың адамды құрбан етті, бірақ бірнеше жыл өтсе де тіпті Покровскіні де басып ала алмай отыр», – делінген жарияланымда.

Контекст

2 қазанда Украина мен Ресей «185 адамға 185 адам» форматы бойынша соғыс тұтқындарымен алмасуоперациясын жүзеге асырған.