Иранда хиджаб киюді міндеттейтін заңның күші жойылды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Иранда ондаған жыл бойы қызу пікірталас пен наразылық туғызған хиджаб тағу мәселесіне қатысты маңызды өзгеріс болды. Енді елде әйелдерге хиджаб кию міндеттелмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұзақ жылдар бойғы тартыстар мен қоғамдық қысымнан кейін бұл талап жеңілдетілді. Қазір Иран көшелерінде және қоғамдық орындарда еркін киінген әйелдерді жиі көруге болады. Бұл туралы “Свободный Иран” телеграм арнасы жазды. 

МӘЛІМДЕМЕ

Иранның мақсатқа сәйкестік кеңесінің мүшесі Мохаммадреза Бахонардың айтуынша, енді хиджабты міндетті түрде тағудың қажеті жоқ. Ол әйелдер хиджаб кимеген жағдайда оларға ешқандай айыппұл, жаза немесе заңдық шектеу қолданылмайтынын мәлімдеді.

РЕАКЦИЯ

Бұл шешім қабылданғаннан кейін әлеуметтік желілерде хиджабсыз жүрген ирандық әйелдердің видеолары тарай бастады. Кадрларда әйелдердің еркін жүріп-тұруы қоғамда үлкен талқылана түскен. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Иранда хиджаб тағудан бас тартқан әйелдерге айыппұл салынып, кейбірі түрмеге қамалған болатын. Енді жаңа шешім елдегі әйелдердің еркіндігін кеңейту жолындағы тарихи қадам ретінде бағалануда.