Мұсылман курьерлерге арналған пәтуа жарияланды

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Ресей Федерациясының Мұсылмандар діни басқармасы курьерлік қызметте жұмыс істейтін мұсылмандарға арналған арнайы үндеу жариялады.

Басқарма ғұламалар кеңесінің шешімімен пәтуа қабылданып, онда мұсылман курьерлерге харам өнімдерді жеткізуге тыйым салынатыны айтылған.

ҚАНДАЙ ӨНІМДЕРДІ ЖЕТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ?

Пәтуаға сәйкес, мұсылман курьерлерге келесі өнімдерді тасымалдауға болмайды:

  • Алкоголь өнімдері
  • Құмар ойындарға қатысты тауарлар
  • Пұтқа табынушылыққа байланысты мүсіндер
  • Шошқа еті
  • Шариғатқа сай емес жолмен сойылған жануарлардың еті

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

Ғұламалар кеңесінің қорытындысында былай делінген:

«Аталған өнімдерді жеткізу – күнәға тікелей қатысу болып саналады және бұл әрекет харам деп есептеледі.»

ЖАЛҒЫЗ РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ЖАҒДАЙ

Пәтуада көрсетілгендей, харам өнімдерді тасымалдауға тек бір жағдайда рұқсат беріледі – егер ол өнім жойылу үшін жеткізілсе.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстанда 2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі күшіне енеді. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті хабарлаған еді.

Жаңа ережеге сәйкес, интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін салық пен әлеуметтік төлемдерді енді осы платформалардың өздері аударады. Демек, Яндекс Go, Glovo секілді сервистер орындаушылардың табысынан 4% ұстап қалып, бюджетке жіберіп отырады.