13 жастағы қыздар жүкті болған: Түркістандағы адам шошырлық статистика

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі жоспарланбаған жүктілік пен түсік санын азайту мақсатында емханаларда тегін контрацептив препараттарын тарату ауқымын кеңейтуге кірісті. Бұл қадам әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мамандардың айтуынша, жыл сайын ондаған мың әйел жүктілікті жасанды түрде үзуге мәжбүр болады. Бұл көрсеткіш елімізде отбасы жоспарлау мен профилактикалық жұмыстардың жеткіліксіздігін аңғартады.

«Әйелдің денсаулығына қауіп төндіретін оталардың алдын алу үшін контрацептивтерді барлық жастағы әйелдерге тегін тарату қажет», – дейді министрліктің өкілдері.

ҚАЗІРГІ ЕРЕЖЕ ТЕК ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРҒА ҒАНА ҚОЛЖЕТІМДІ

Бүгінде жүктілікті болдырмайтын дәрілер тек тұрмысы төмен отбасылардағы әйелдерге тегін беріледі. Қалғандары оларды өз қаражатына сатып алуға мәжбүр.Денсаулық сақтау саласы бұл шектеуді алып тастау арқылы қыз-келіншектердің денсаулығын қорғауға және түсік деңгейін азайтуға үміт артып отыр.

ЖОО-ЛАРҒА КОНТРАЦЕПТИВ АВТОМАТТАРЫ ОРНАТЫЛУЫ МҮМКІН

Министр  Ақмарал Әлназарова жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру үшін жаңа бастама ұсынды — жоғары оқу орындарына контрацептив дәрілер сататын автоматтар орнату. Бұл тәжірибе Батыс елдерінде кеңінен қолданылып келеді.

“Бүгінде әр медициналық ұйым өз бюджетінен жүктіліктен сақтайтын дәрі-дәрмекті алып таратады. Кей аймақ жергілікті әкімдік тарапынан бұл контрацептивтерге ақша бөліп отырады. Бюджет кодексі мұндай шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, қазір біз әкімдіктермен әлеуметтік осал топқа жататын нәзік жандыларымызбен қатар, қарапайым қыз-келіншектерді де тегін контрацептивтермен қамту мәселесін қолға алып отырмыз”- дейді министр Ақмарал Әлназарова.  

Қазақстанда ерте жүктілік мәселесі өзекті. Тек қана Түркістан облысында биыл 13-14 жас аралығындағы 103 жасөспірім жүкті болған.