Путин мен Әлиев кездесетін болды

Ulysmedia
Фото: РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев кездесетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Владимир Путин мен Ильхам Әлиев «Орталық Азия – Ресей» саммиті және ТМД елдері басшыларының кеңесі аясында 9 қазанда Душанбеде кездесетін болды.

«Кездесудің өзі екі ел басшыларының барлық өзекті мәселелерді талқылауға ниетті екенін көрсетеді», –  деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кездесудің негізгі тақырыбы екі ел арасындағы қарым-қатынас болмақ. Песков Ресей тарапы кездесуді оң бағалайтынын айтты.

Контекст

Баку мен Мәскеу қарым-қатынасы былтыр Әзербайжан жолаушы ұшағы Ақтау мағында апатқа ұшырағаннан кейін ушыққан. Ильхам Әлиев ұшақтың құлауына Ресей әскерилерін кінәлап, Мәскеу кешірім сұрауы тиіс деген.