Қазақстанда ең төменгі жалақы енді басқаша есептеледі

Сырым Қаржас
коллаж: Ulysmedia

Қазақстан ең төменгі жалақыны есептеудің халықаралық стандарттарына өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сенат аппаратының басшысы Максим Споткайдың айтуынша, депутаттар даму деңгейі әртүрлі елдерді ескере отырып ең төменгі еңбекақыны белгілеу туралы Конвенцияны ратификациялады.

Құжатта бірқатар маңызды қағидаттар бекітілген:
    •    ең төменгі жалақы жұмыскерлер мен олардың отбасыларының қажеттіліктерін, сондай-ақ елдің экономикалық даму деңгейін ескере отырып белгіленеді;
    •    бекітілген ең төменгі жалақы заң күші бар және төмендетуге жатпайды;
    •    мемлекеттерге ең төменгі жалақыны уақытылы қайта қарау тетігі енгізіледі, бұл ретте жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында консультациялар өткізу міндетті болады.

Сенат отырысында палата төрағасы Маулен Әшімбаев Конвенцияның маңызын атап өтіп, жаңа тәсіл ең төменгі жалақыны есептеу кезінде құрғақ макроэкономикалық көрсеткіштерге ғана емес, қазақстандықтардың нақты өмірлік қажеттіліктеріне де назар аударуға мүмкіндік беретінін айтты.