Салық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
2018-2020 жылдар аралығында ол коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден астам залал келтірген.
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздестірілуде болды.
ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Биыл қыркүйек айында ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Жасалған қылмыстары үшін оған мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
ЭКСТРАДИЦИЯЛАНҒАНДАР
Айта кетейік, биылдың өзінде Біріккен Араб Әмірліктерінен 9 іздестіріліп жүрген тұлға экстрадицияланды.