Перизат Қайрат колонияда немен айналысады?

Сырым Қаржас
Коллаж: Ұлысмедиа

Сотталған Перизат Қайрат алдағы уақытта тергеу изоляторынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне этапталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ішкі істер вице-министрі – ҚАЖК төрағасы Абай Қайырбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Перизат Қайрат колонияға жеткізілгеннен кейін белгіленген карантиннен өтеді. Осыдан соң мамандар оның еңбекке қабілеттілігін анықтап, сәйкес жұмыс түрін таңдайды.

Қайырбековтың сөзінше, сотталған азаматша түрлі жұмыстарға – соның ішінде тігін цехында немесе мекеменің шаруашылық бөлігінде еңбек етуге тартылуы мүмкін.

- Ең төменгі жалақыны олар кез келген жағдайда алады, – деді ол.

СОТ ҮКІМІ ҚАНДАЙ ЕДІ?

Өткен жылғы тасқын кезінде халықтың көмегіне жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайратқа сот 10 жыл, анасына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын