Іс жабылған жоқ - Украина елшісі Садықовтың өлімі туралы

Сырым Қаржас
Коллаж: Ұлысмедиа

Қазақстандық журналист Айдос Садыковтың өліміне қатысты істі тергеу аясында Қазақстан мен Украина Бас прокуратуралары бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz сайтына берген эксклюзив сұқбатында Қазақстандағы Украина Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Виктор Майко мәлімдеді. Төменде сұхбаттың үзіндісі келтіріледі.

САДЫҚОВ ІСІНІҢ ТЕРГЕЛУІ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР

– Киевте журналист Айдос Садықовтың өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатыр?

– Иә, мен бұл тақырыптан хабардармын. Бұл іс бойынша шынымен де жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстан мен Украина бас прокуратуралары өзара ынтымақтастықта, сондай-ақ екі елдің арнайы қызметтері де өзара әрекеттесіп отыр. Ақпарат алмасу жүріп жатыр, бірлескен консультациялар өтуде. Тергеу кезеңінде болғандықтан, егжей-тегжейлі мәлімет беруге немесе пікір білдіруге құқығым жоқ. Бірақ ең бастысы, процесс жүріп жатыр, іс жабылған жоқ. Құзырлы органдар жұмысын жалғастыруда, Қазақстан мен Украина күш құрылымдары арасында байланыс бар және екі тарап та қажетті шараларды қабылдауда.

– Мен Садықов туралы сұрағанымның себебі бұл істің айналасында түрлі арандатушылықтар мен манипуляциялар жүріп жатыр. Тергеу соңына дейін жеткізілуі маңызды деп ойлаймын.

– Өте дұрыс айтасыз. Кез келген күмәнді іс, әсіресе ақпараттық соғыс жағдайында, арандатушылық алаңына айналады. Сондықтан мұндай істердің барлығы логикалық тұрғыдан аяқталып, құқық қорғау органдарының ресми бағасына ие болуы өте маңызды.

САДЫҚОВТЫҢ ӨЛІМІ

2024 жылдың 18 маусымында Украина астанасында Айдос Садыковқа қастандық жасалды. Оның жұбайы Наталья Садыкова шабуыл олардың отбасылық үйінің жанында, яғни отбасы босқын мәртебесінде тұрып жатқан жерде болғанын хабарлады. 2 шілдеде Айдос Садыков ауруханада көз жұмды.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыз.