"Самұрық-Қазына" жиынында жасанды интеллект теңгені "тэнгэ" деп шатасты

Сырым Қаржас
видео кадры

«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет жасанды интеллект қатысқан жиын өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінің отырысына алғаш рет жасанды интеллект қатысты. Skai (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) деп аталатын виртуалды қатысушы жиында өзін таныстырып, баяндама жасап, нақты деректермен бөлісті. Жиынға премьер-министр Олжас Бектенов те қатысқан.

Skai өз сөзінде қордың жұмысына қатысты есеп беріп, отандық өндірушілерден сатып алу көлемі 9 айда 75%-ға артқанын, сондай-ақ 721 млрд теңгеге 7 мыңнан астам келісімшарт жасалғанын мәлімдеді.

ЕСТЕ ҚАЛҒАНЫ

Алайда жасанды интеллекттің ең есте қалған сәті есептің мазмұны емес, «теңге» сөзін «тэнгэ» деп қате айтуы болды. Осы қателік желі қолданушыларының назарын аударып, қызу талқылануда.