Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияровтың YouTube-арнасы тағы өшірілді

Сырым Қаржас
Коллаж: Ұлысмедиа

Журналист Лұқпан Ахмедияров “Просто журналистика” YouTube-арнасы тағы өшірілгенін хабарлады. Бұл туралы журналистің өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Журналистің сөзінше, 21 тағы да YouTube-арнасын белгісіз себеппен өшіріп тастаған.

- Өкінішке қарай, жай ғана журналистикамен айналысқанымыз үшін. YouTube бұл әрекетінің себебі ретінде “құпиялылық ережелерін бұзу” деп көрсеткен. Біз бұл шешімге қатысты YouTube-ке ресми хат жолдадық, - дейді ол. 

Ахмедияров YouTube-ке хат жолдап, нақты қай видеода ереже бұзылғанын көрсетуін сұраған.

- Жауап ретінде YouTube құпиялылық ережелері бұзылған деп танылған видеолардың сілтемелерін және сол ережелердің өздерін жіберді. Біз бұл ережелерді мұқият оқып шықтық. Онда былай жазылған: құпиялылық ережелерін бұзу деп адамның бейнесін жариялау, аты-жөнін көрсету секілді әрекеттер саналуы мүмкін екен. Бірақ, кешірерсіздер, бәрі солай жұмыс істеп отыр ғой. Кез келген YouTube арнасын ашсаңыз, адамдардың суреті, аты-жөні көрсетілген видеоларды көресіз, – дейді журналист.

Оған қоса, YouTube біздің видеоларда біреудің жеке деректері — мысалы, әлеуметтік сақтандыру нөмірі, банк картасының не шот нөмірінің жарияланған болуы мүмкін екенін де айтып өткен. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 18 шілдеде Лұқпан Ахмедияров әлде кімдердің авторлық құқыққа қатысты шағымынан кейін YouTube әкімшілігі арнаны жауып тастағанын айтқан. Артынша тәуелсіз журналистер Лұқпен Ахмедияров пен Рауль Упоров «Просто журналистика» You Tubeарнасы қайтарылғанын хабарлады