Журналистер Киев облысындағы Обухов аудандық кеңесінің депутаты, Юлия Тимошенконың «Батькивщина» партиясынан сайланған Анастасия Орлова Қазақстан мен Ресей азаматтығына ие екенін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тексеру нәтижесі
Зерттеу барысында Орлова бірнеше рет тегін өзгерткенін және бұл әрекет шынайы жеке басын жасыру мақсатында жасалуы мүмкін екенін анықталды.
Украинаның қауіпсіздік қызметі оны Сморкалова Анастасия Юрьевна, 1977 жылы туған, Семей облысының Жарма ауданындағы Георгиевка-4 әскери қалашығының тумасы, Қазақстан және Ресей азаматшасы ретінде таныған.
2013 жылдың қазан айында ол Сум облысына украин паспортына өтініш бергені белгілі болды. Өтінішінде құжат Конотоп аудандық ІІБ-де рәсімделгенін мәлімдеген. Алайда ресми жауапта бұл мәлімет расталмаған.
- Ресей мен Қазақстан азаматшасы Сморкалова (басқа есімдері — Нерета немесе Орлова) Анастасия Юрьевнаға, 1977 жылы 27 мамырда туған, украин паспорты берілмеген. Бұдан бөлек, Ресей мен Қазақстан президенттерінің азаматтықтан шығару жөніндегі жарлықтарында бұл әйелдің аты-жөні мүлде кездеспейді, — деп жазады znaj.ua басылымы.