АҚШ президенті Дональд Трмап Ресей президенті Владимир Путинді тағы да сынады,деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Путиннің «Буревестник» қанатты зымыраны туралы мәлімдемесін Трамп орынсыз деп атады. 26 қазанда Ресей президенті зымыран сынағы сәтті аяқталғанын жариялады және оның әлемде теңдесі жоқ екенін айтып, мақтанған.
«Ол соғысты тоқтатуы керек. Бір аптада аяқталуы тиіс соғыстың жүріп жатқанына төрт жыл болды. Ол зымырандарды сынақтан өткізудің орнына соғысты аяқтаумен айналысуы керек», - деді Дональд Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Бұған дейін Трамп пен Путин Будапешт қаласында кездесетіні туралы айтылған. Кейіннен кездесуі өтпей қалған.