Саясаттанушының айтуынша, халықтың наразылығын тек кедейлік емес, әділдіктің жоқтығы да тудырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Досым Сәтпаев өзі де сот процестері формальдылыққа айналып кеткен жайттардың куәсі болғанын атап өтті. Оның сөзінше, кейде сот отырысы басталмай жатып, үкім дайын тұрғандай әсер қалдырады, себебі жоғарыдан кімді және қалай жазалау керегі жөнінде нұсқау берілетін. Алайда бүгінде құқықтық бассыздыққа жол беріп отырғандар ертең өздері құрған жүйенің құрбанына айналуы мүмкін.
– Сотты сатып алу қауіпті. Бірақ одан да қауіптісі – сотты саяси қысым жасау құралына айналдыру. Мұның басты себебі айқын: егер тежеу мен тепе-теңдік жүйесі болмаса, сот ешқашан тәуелсіз билік тармағына айналмайды. Ондай жағдайда ол заңды, Конституцияны және онда жазылған адам құқықтарын биліктің саяси мүдделерінен жоғары қоя алмайды. Ал әділдік – адамдардың ең жиі талап ететін құндылығы. Бұрын да айтып жүрмін: көне дәуірдің бір нақылында айтылғандай, көтерілістердің түп-тамырында тек кедейлік емес, әділетсіздік те жатады, – деп жазды саясаттанушы.