Forbes тізіміндегі ең бай қазақстандықтар мемлекетке миллиардтаған теңге қарыз, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті салық қарызы ең көп компаниялардың тізімін жариялады. Олардың қатарына миллионерлер Сайдулла Қожабаев пен Рашит Сәрсенов бар. Сондай-ақ тізімге Назарбаевтар әулетіне тиесілі компаниялар кірген.
Салық төлемей, мемлекетке миллиардтаған теңге қарыз болған компаниялардың алғашқы бестігін мына компаниялар бастап тұр:
Әнипа Назарбаеваның Group of the Companies TDA компаниясының 1 қазанға дейінгі негізгіқарызы 52,9 млрд теңге болған.