Ресей қорғаныс министрі Мәскеу мен Астана арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстанның қорғаныс министрімен кездесуде Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Андрей Белоусов Мәскеудің Қазақстанмен әскери ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтты.
— Ресей мен Қазақстанның әскери саладағы ынтымақтастығы – Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтаудың негізгі факторы. Біз қол жеткізілген жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты екіжақты және ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ сияқты көпжақты ұйымдар аясында да жоғары бағалаймыз. Ынтымақтастығымыз барлық бағытта қарқынды дамып келеді. Біз оны одан әрі нығайтуға дайынбыз, — деді Белоусов.