«Некрокомиккон» фестивалінің продюсері Алексей Самсоновқа жалған құжат қолданды деген айып тағылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұрын жоспарланған, бірақ кейін тоқтатылған «Некрокомиккон» фестивалінің продюсері Алексей Самсоновқа көші-қон картасындағы мөрдің талаптарға сай келмеуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы РИА Новости дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Ал «Фонтанка» басылымының жазуынша, Самсонов қылмыстық іс бойынша күдікті атанған. Оған Қылмыстық кодекстің 327-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды біле тұра сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе пайдалану) бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза - бір жылға бас бостандығынан айыру.
СОТ ШЕШІМІ
Петербургтің Қызылгвардиялық соты Самсоновты шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығында ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлады қала соттарының баспасөз қызметі. Қазақстан азаматы депортацияны күту үшін 90 тәулікке, яғни 29 қаңтарға дейін орталықта болады.
ҰСТАЛУЫ
Самсонов 31 қазанда ұсталған. Оған көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама (ҚӘБ 18.8-баптың 3.1-бөлігі) толтырылған. Кейін ол 5 мың рубль айыппұл төлеп, депортацияға дейін ұстау орталығына жіберілді.