2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан АҚШ азаматтары үшін 30 күнге дейін визасыз кіру тәртібін енгізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды.
МАҚСАТ
Құжатта бұл шешімнің мақсаты — екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасау екені көрсетілген.
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЕРЕЖЕ
Айта кетсек, 2021 жылдан бері Өзбекстанда АҚШ азаматтарына (және бірқатар өзге ел азаматтарына) 55 жастан асқан туристер үшін 30 күнге дейін визасыз кіру тәртібі қолданыста болған. Енді жаңа тәртіп жастық шектеуді алып тастап, барлық санаттағы АҚШ азаматтарына таралады.