Қант диабеті мен сал ауруына шалдыққандар енді көмексіз қала ма

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін «Әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімін бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢАРТЫЛҒАН ТІЗІМГЕ ЕНЕТІН АУРУЛАР:

  • Туберкулез
  • Адамның иммун тапшылығы вирусынан (ВИЧ) туындаған ауру
  • Созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы
  • Қатерлі ісіктер
  • Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар
  • Миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай)
  • Орфандық аурулар
  • Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары
  • Орталық жүйке жүйесінің демиелинизирлеуші аурулары
  • Эпилепсия
  • Цереброваскулярлық аурулар (инсульт) — аурудан кейінгі алғашқы 1 жыл ішінде

НЕ ӨЗГЕРДІ?

2026 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен келесі төрт диагноз алынып тасталады:

  • Қант диабеті
  • Сал ауруы (ДЦП)
  • Ревматизм
  • Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы (мысалы: жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит, Шегрен синдромы)

Сонымен қатар, тізімге инсульттен кейінгі алғашқы жыл және эпилепсия қосылды.

ҚАНТ ДИАБЕТІ ЕНДІ МӘМС ПАКЕТІНЕ КІРЕДІ

Жаздың соңында Денсаулық сақтау министрлігі қант диабетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) пакетіне ауыстырылатынын хабарлаған болатын. Бұл дегеніміз — енді дәрігерге қаралу және тегін дәрі-дәрмек алу үшін пациенттің сақтандыруы болуы шарт. Бұрын мұндай шектеу болмаған, себебі әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратындар сақтандыруына қарамастан толық медициналық қызмет пакетін ала алатын.