Қарашада салық төлемегендерге өсімпұл салынады

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қараша айында Қазақстан азаматтарына 12 есепті тапсырып, оннан астам салық пен төлемді өтеу қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаматтарға өсімпұл есептелмеуі үшін барлық міндеттемелерді уақытылы орындау ұсынылды.

17 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ТАПСЫРЫЛАТЫН ЕСЕПТЕР:

  • 101.03 және 101.04 — резидент пен резидент емес тұлғалардан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (III тоқсан)
  • 200.00 — жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация (III тоқсан)
  • 300.00 — қосылған құн салығы бойынша декларация (III тоқсан)
  • 400.00, 421.00 — акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер мен объектілер бойынша есеп (қыркүйек)
  • 570.00 — экспортқа салынатын ренталық салық бойынша декларация (III тоқсан)
  • 590.00 — пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация (III тоқсан)
  • 710.00 — ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация (III тоқсан)
  • 880.00 — цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация (III тоқсан)
  • 913.00 — бөлшек салықтың арнайы режимі бойынша декларация (III тоқсан)

20 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН:

  • 328.00 нысанын тапсыру қажет — бұл қазан айындағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш
  • Қосылған құн салығын төлеу (Еуразиялық экономикалық одақ аясында, қазан айы үшін)
  • Акцизді төлеу, соның ішінде ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша (қазан айы үшін)

25 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ТӨЛЕНУІ ТИІС:

  • Корпоративтік табыс салығы бойынша қараша айының аванстық төлемдері
  • Қазан айында төленген табыстардан ұсталған корпоративтік және жеке табыс салықтары
  • Қазан айындағы табыстар бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары
  • Арнайы мобильді қосымша арқылы арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің табысынан жеке табыс салығы (қазан)
  • Бөлшек салықтың арнайы режимін қолданатын салық төлеушілер үшін корпоративтік және жеке табыс салықтары (III тоқсан)
  • ҚҚС, экспортқа салынатын ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы (III тоқсан)
  • Роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салық, цифрлық майнинг үшін төлем (III тоқсан)
  • Заңды тұлғалардың жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдері
  • Радиожиілік спектрін пайдалану, жер телімдерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін төлемдер
  • Қазан айы үшін әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

Барлық есептер мен төлемдерді белгіленген мерзімде орындау — өсімпұл мен әкімшілік жауапкершіліктен сақтанудың басты жолы.