"Өзбекстан сізді бейбітшілік президенті деп таниды" - Мирзиёев Трамп туралы

Сырым Қаржас
president.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Вашингтонда өткен Орталық Азия мен АҚШ көшбасшыларының (C5+1) саммитінде Дональд Трамптың аймақ елдерімен ынтымақтастықты дамытудағы рөлін жоғары бағалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мирзиёев сөзінде АҚШ президентіне Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға үміт артатынын айтты, деп жазады Uznews.uz.

- Құрметті Трамп мырза, C5+1 форматын қайта жандандыруға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бұған дейін АҚШ-тың бірде-бір президенті Орталық Азияға сіздей назар аударған емес. Мен және менің әріптестерім сізге ризамыз. Сіздің ықыласыңызды, қамқорлығыңызды сездік. Бұл біз үшін үлкен мәнге ие. Айта кетейін, мен мұны сізге Өзбекстанда да айтқан едім – бізде сізді бейбітшілі президенті деп атайды. Сіз сегіз соғысты тоқтата алдыңыз. Ал мен Ресей мен Украина арасындағы соғысты да тек сіз тоқтата аласыз деп сенемін. Біз бұған үлкен үміт артамыз, — деді Өзбекстан басшысы.

Мирзиёевтің айтуынша, бұл саммит АҚШ-тың Орталық Азияны стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын айқын көрсетті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен болатын