Синоптиктер үш қала тұрғындарына ескерту жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылғы 8 қараша күні Атырауда, Ақтауда және Алматыда ауа сапасы нашарлайды.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.