2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы ресми түрде 429 368 теңгені құрады. Осылайша, соңғы үш айда бұл көрсеткіш бірден 4,3%-ға төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Елімізде жұмыс істейтін азаматтардың саны – 3,8 млн адам. Үшінші тоқсандағы жалпы еңбекақы қоры – 4,9 трлн теңге. Нәтижесінде, әрбір қызметкерге айына 429 368 теңге тиесілі, бұл сомаға үстемақылар мен сыйақылар кіреді. Бұл деректер шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда алынған.
САЛАЛАР БОЙЫНША
Ең жоғары жалақы – кен өндіру және карьерлерді игеру саласында – 922 274 теңге; қаржы және сақтандыру – 883 611 теңге; ақпарат және байланыс – 818 114 теңге; кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 637 570 теңге. Ең төменгі орташа жалақы білім беру саласында тіркелген – 290 891 теңге.
ӨҢІРЛЕР БОЙЫНША
Ең жоғары орташа айлық жалақы Маңғыстау (606 125 теңге), Атырау (602 752 теңге) облыстарында және Астанада (569 647 теңге) тіркелген. Одан кейінгі орындарда – Ұлытау облысы (554 277 теңге) және Алматы (546 261 теңге). Шымкентте бұл көрсеткіш – 336 678 теңге. Ал ең төменгі орташа жалақы Түркістан облысында тіркелді – 288 690 теңге.