Трамп ресми Нетаньяхуды ақтауды ұсынды

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп 12 қараша күні таңертең Израиль президенті Ицхак Герцокқа хат жолдап, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды «толық кешіруді» сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТРАМП РЕСМИ ТҮРДЕ ГЕРЦОКҚА ЖҮГІНДІ

Хаттың мазмұны туралы Герцок кеңсесі хабарлап, құжаттың суретін израильдік БАҚ Reuters агенттігіне сілтеме жасап жариялады. Трамп хатында Израиль сот жүйесінің тәуелсіздігін құрметтейтінін атап өткен, алайда Нетаньяхуға қарсы қозғалған істі «саяси және негізсіз қудалау» деп бағалаған.

«ЕЛДІ БІРІКТІРЕТІН УАҚЫТ ЖЕТТІ»

АҚШ президенті Нетаньяхудың көптеген жылдар бойы «онымен бірге ортақ жау — Иранға қарсы күрескенін» айтты. Трамптың сөзінше, соңғы жылдары Израиль «болмаған жетістіктерге» жетті, енді «Бибиге елді біріктіруге мүмкіндік беру» үшін оны кешіріп, «құқықтық текетіресті» тоқтату қажет.

ИЗРАИЛЬ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢСЕСІ ЖАУАП БЕРДІ

Герцок әкімшілігінің мәлімдемесінде президенттің Трампқа «зор құрметпен қарайтыны» айтылғанымен, кешіру рәсімі заңмен қатаң реттелетінін еске салды. Мұндай өтінішті тек сотталған адамның өзі немесе оның жақын туыстары ғана бере алады. Израиль президенті үкім шыққаннан кейін де, ерекше жағдайларда — үкім шықпай тұрып та кешірім жасай алады, егер бұл «қоғамдық мүддеге сай келсе». Алайда қазіргі уақытта Нетаньяху да, оның отбасы мүшелері де Герцокқа ресми кешірім сұрап жүгінбеген.