АҚШ КТК, "Теңізшевройл" және Қарашығанақты санкциялар тізімінен алып тастады

Сырым Қаржас
Ulysmedia

АҚШ қаржы министрлігі «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларына қатысты енгізілген санкциялардан Каспий құбыр консорциумын, «Теңізшевройлды» және Қарашығанақ жобасын шығарып тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тиісті жеңілдіктер ведомство сайтында жарияланған №124B жалпы лицензиясында көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, КТК, «Теңізшевройлды» және Қарашығанақ жобасының операциялық қызметіне қажетті қызметтер мен транзакцияларды жүзеге асыруға рұқсат беріледі. Алайда лицензия бұл компаниялардағы үлестерді сату немесе беруге мүмкіндік бермейді.

Еске салайық, Ulysmedia.kz «Лукойл» компаниясына қарсы санкциялар аясында шетелдік компаниялар еліміздегі мұнай-газ өндіру саласында қандай схемамен жұмыс істейтінін түсіндірген еді.