Қазақстандық блогерлер 18 млрд теңгеден астам табысын декларациялады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

620 блогер жалпы көлемі 18,1 млрд теңге болатын табысын көрсеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, биыл блогерлерге камералдық бақылау аясында 1 586 хабарлама жіберілген, деп жазады LS.

— Бұл хабарламалар 2022–2023 жылдары табысын 71,9 млрд теңгеге аз көрсеткен 854 блогерге қатысты дайындалған, — деп мәлімдеді МКК.

620 инфлюенсер қосымша декларациялар тапсырып, 18,1 млрд теңге табысын жариялаған. Оларға 900 млн теңге көлемінде салық есептелген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 89 блогер заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін жазаланды. Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті олардың тізімін жариялады.