Қазақстанда еңбек және әлеуметтік кодекстерге маңызды өзгерістер дайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
19 қараша, сәрсенбі күні Мәжіліс Қазақстандағы жұмысшылардың қауіпсіздігіне, құқықтарын қорғауға және зейнетақы төлемдеріне тікелей әсер етуі мүмкін заңнамалық өзгерістерді қарайды.
Депутаттар еңбек қатынасының белгілері болған жағдайда азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға тыйым салуды ұсынып отыр.
Қазір көптеген жұмыс берушілер қызметкерді штатқа алмай, АҚШ арқылы рәсімдеп, еңбек демалысы, аурухана парағы және әлеуметтік кепілдіктерден айырып отыр. Жаңа нормалар мұндай тәжірибеге тыйым салмақ. Бұл бастама жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ
Депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілеттігін кеңейтуді ұсынады. Егер өзгерістер қабылданса:
Сондай-ақ, жарақаттың ауырлығын анықтау тәртібі нақтыланып, зардап шеккендерге әділ өтемақы мен көмек берілуі қамтамасыз етіледі.
ӘКЕ ТӘРБИЕСІ
Заңнамаға енгізілетін тағы бір маңызды жаңалық – егер әке кішкентай баланы тәрбиелеп, уақытша жұмыс істемесе, бұл кезең зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептелмек.
Бұл шара отбасыларды қолдауға және ата-аналық міндеттерді тең бөлуге бағытталған.