Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры болашақ зейнетақының жеткіліктілігін арттырудың екі негізгі тәсілін көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры болашақ зейнетақының жеткіліктілігін арттырудың екі негізгі тәсілін ұсынды:
ЖЕТКІЛІКТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ
Бұл — адамның зейнетке шыққаннан кейін де бұрынғы өмір сүру деңгейін сақтап қалуына мүмкіндік беретін төлем мөлшері. Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша, табысты алмастыру коэффициенті кемінде 40% болуы тиіс. Қазақстанда бұл көрсеткіш қазір шамамен 41%.
ТҰРАҚТЫ ЖАРНА МАҢЫЗДЫ
Міндетті жарналар тек жинақ көлемін ғана емес, сонымен қатар базалық зейнетақы мөлшерін де арттырады. 1998 жылдан бері еңбек өтілі тек міндетті жарналар арқылы есептеледі. Қазір базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері — күнкөріс минимумының 70%-ы (0–10 жыл еңбек өтілімен), ал ең жоғарысы — 110% (30 жылдан жоғары өтілмен). 2027 жылға қарай бұл шек 120%-ға дейін көтеріледі.
ЕРІКТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫ
ЕЗЖ-ны жеке де, заңды тұлғалар да аудара алады. Жеке тұлғалар өз атынан немесе жақындары үшін, ал жұмыс берушілер — қызметкерлері немесе үшінші тұлғалар үшін аударады. Жарналар екінші деңгейлі банктер арқылы немесе жұмыс берушіге өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Жеке зейнетақы шоты алғашқы жарна түскен сәтте автоматты түрде ашылады.
ТӨЛЕМДІ АЛУ МЕРЗІМІ
50 жастан бастап, зейнет жасына жетпей-ақ алуға болады. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен Қазақстаннан тұрақты тұру үшін кеткен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар да ала алады.