Үш жылдан кейін өзбекстандықтар Үстірт жонында алғаш рет мұнай өндіре бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Asia today мәліметінше, бұған дейін Үстірт тек газ қоры мол аймақ ретінде қарастырылып келсе, заманауи технологиялар мұнда мұнай қоры да барын көрсетті. Болжам бойынша оның көлемі 100 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін.
Жоба аясында жылына 5 млн тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарланған. Бұл Өзбекстанның қазіргі мұнай импорты көлемінен 2,5 есе көп. Жобаның жалпы инвестициясы 2 млрд доллар деп бағаланып отыр.
Алғашқы үш жылда сейсмикалық зерттеу мен барлау ұңғымаларын бұрғылауды қоса алғанда, геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі. Коммерциялық қорлар расталғаннан кейін инфрақұрылымды салу басталады.