Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оны әуежайда Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Үкіметтің хабарлауынша, 21 қарашада Пашинянның бірқатар кездесулері жоспарланған. Онда тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Ulysmedia.kz сарапшылардың бұл сапарды Ереван үшін аса маңызды деп бағалайтынын жазған болатын.
Армения қазіргі таңда жеткізілім бағыттарын тұрақтандыруға және импортты әртараптандыруға тырысып жатыр. Қазір елдің экономикасы Ресейден келетін тауарларға қатты тәуелді – сегіз ай ішінде екі ел арасындағы тауар айналымы 4,5 миллиард долларға жуықтаған. Машиналар, жабдықтар, азық-түлік – мұның бәрі Армения үшін аса маңызды, бірақ бұл тәуелділік белгілі бір қауіптерді де тудырады. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстаннан тікелей жеткізілімдер Армения үшін сенімді баламаға айналуы мүмкін.
ЕСКЕ САЛАЙЫҚ
Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ-тың арағайындығымен Ақ үйде бейбіт келісімге қол қойды. Құжатта қақтығысты толық тоқтату, дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру, Әзербайжан мен Нахичеванды Армения аумағы арқылы жалғайтын көлік дәлізін ашу (АҚШ консорциумының бақылауында), ЕҚЫҰ-ның Минск тобын тарату және АҚШ-тың Бакумен әскери ынтымақтастыққа қойылған шектеулерді алып тастау қарастырылған.
Ал биыл шілдеде Армения Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуға өтініш берген еді.