АҚШ пен Украина бірлесіп бейбіт келісімге байланысты жаңа құжат әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
24 қарашаға қараған түні Женевадағы кездесуден кейін АҚШ пен Украинаның ресми өкілдері мәлімдеме жасап, соғысты тоқтатуға байланысты бейбіт келісімнің жаңа жобасын әзірлегенін мәлімдеді. Әзірге құжат ешқайда жарияланбады.
«Тараптар кез - келген болашақ келісім Украинаның егемендігін толығымен құрметтеп, тұрақты және әділ бейбітшілікті қамтамасыз етуі керек екенін растады», – делінген хабарламада.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Дональд Трамп әкімшілігінің қайта өңделген «бейбіт жоспарының» іске асу ықтималдығы өте жоғары екенін айтты. 23 қараша күні Женевада Украина делегациясы және оның еуропалық одақтастарымен өткен келіссөздерден кейін ол журналистерге келіссөздер нәтижесінде «іргелі құжат» пайда болғанын, енді оның әрі қарайғы жұмысқа негіз болатынын хабарлады.
Киев делегациясын басқаратын Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак та Швейцарияда америкалық өкілдермен өткен келіссөздердің жемісті болғанын айтты.
«Біз жақын арада-ақ мақсатымызға жететінімізге өте оптимистік көзқарастамыз. Бізге бүгінгі күнгі уақыттан көбірек уақыт керек болады. Бірақ мұны орындай алатынымызға мен берік сенімдімін», – деді Рубио.
Марко Рубионың айтуынша, Женевадағы келіссөз қатысушыларына әлі бірнеше мәселені анықтап, талқылау қажет. Осыдан кейін АҚШ-тың «бейбіт жоспарына» тағы да түзетулер енгізілуі мүмкін. Оның ішінде қақтығысты реттеудегі Еуропалық одақ пен НАТО-ның рөлі де қарастырылмақ.
Құжаттың соңғы нұсқасы АҚШ пен Украина президенттер деңгейінде келісуі тиіс. Осыған байланысты Рубио Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің арасында жаңа байланыс орнауы мүмкін екенін жоққа шығармады. Сондай-ақ алдағы келісімдерге қатысты «Ресей де өз ұстанымын білдіретін болады» деді ол.
Контекст
Осыған дейін, Германиялық Bild басылымы, «Еуроодақ жетекшілері Трамп ұсынған бейбіт келісім жоспарының бірқатар пунктерін өзгерткісі келеді» деп жазған. Атап айтқанда, олар Қырым мен Донбасты «Ресей жері» деп тану, Украина әскерінің санын қысқарту, қауіпсіздікке кепілдік беру және бұғатталған Ресей активтеріне қатысты пунктермен келіспеген. «Трамп жобасы Украина мүддесін ескермеген, Ресей талаптарын қолдайды» деген сын көп айтылған.
Ресми Вашингтон өзі ұсынған бейбіт келісім жоспары бір жақты деген пікірмен келіспеген. Ақ үй баспасөз қызметі бейбіт келісім жоспары бір ай бойы Украина және Ресей тараптарымен сөйлесіп, екі жақтың мүддесін ескере отырып әзірленді деген.
Даулы “бейбіт келісім” жоспары
20 қарашада 28 пунктен тұратын Дональд Трамп ұсынған Украинадағы соғысты тоқтатуға байланысты бейбіт келісім жоспары ұсынылған. Бірақ нақты құжаттың өзі жарияланбаған. БАҚ-та жарияланған бейбіт келісім құжатының жоспарында:
Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің АҚШ ұсынған жобаны қатаң сынамайтынын және ол бойынша жұмыс істеуге дайын екенін айтқан.
Ал Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трамп әкімшілігі ұсынған жоспар Ресей-Украина соғысын реттеудің негізіне айналуы мүмкін деп мәлімдеді. Ол бейбіт келісімге жете алмауда тағы да Украинаны айыптады.