Алматыда жаңа құрылысқа қатысты тыйым енгізілді

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қала билігі бос жатқан жер телімдерін болашақ инфрақұрылым жобалары үшін резервке қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматыда жер телімдерін 20 жыл мерзімге резервке алу туралы қаулы қабылданды. Осы кезең ішінде аталған аумақтарда кез келген құрылыс жүргізуге тыйым салынады. Шектеу қаланың бес ауданына қатысты: Бостандық, Медеу, Әуезов, Алатау және Наурызбай.

СЕБЕП

Бұл жер телімдері мемлекет меншігінде қалады, оларды сатуға да, құрылыс салуға да болмайды. Мұндай шешім қаланың болашақ жобаларын — жолдар, мектептер және өзге де инфрақұрылым нысандарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Тізімге жалпы аумағы 3,43 гектар болатын 30 жер телімі енгізілген. Аталған учаскелердің толық тізімі krisha.kz сайтында жарияланған.