Мәжіліс сайлауы: қай партиялар қатыса алады?

Ulysmedia

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова саяси партияларды Мәжіліс депутаттары сайлауына қатысуға жіберу жайында айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Оның сөзінше, Мәжілістің сегізінші шақырылымы жаңа жүйе бойынша құрылып, жұмыс істейтін болады – депутаттардың бір бөлігі партиялық тізім бойынша (69), бір бөлігі бір мандатты аумақтық округтер бойынша (29) сайланады.

«Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы тек саяси партияларға ғана тиесілі.

Вице-министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген және жұмыс істейді:

1. «Қазақстан халық партиясы» ҚБ;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ;

3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» ҚБ;

4. «АМАНАТ» партиясы» ҚБ;

5. «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» ҚБ;

6. «Байтақ» Қазақстан жасыл партиясы» ҚБ;

7. «Республика» ҮЕҰ.