Теңіз кен орнынан экспортталатын қазақстандық мұнай өтетін КҚК теңіз терминалына дрондар арқылы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Каспий құбыр консорциумы» таратқан ақпаратқа сәйкес, 25 қарашаға қараған түні пилотсыз ұшатын құрылғылар (алдын ала болжам бойынша, украин дрондары) Новороссийск маңындағы теңіз терминалының әкімшілік кешеніне соққы берген.
— Оңтүстік Озереевкада Теңіз — Новороссийск құбыр жүйесінің Қазақстан мен Ресей аумағындағы бүкіл жұмысын бақылайтын Каспий құбыр консорциумының негізгі басқару орталығы орналасқан, — деп атап өтті компания.
Зардап шеккендер жоқ. Алайда шабуылға байланысты қызметкерлер эвакуацияланып, айлақтардағы мұнай тиеу уақытша тоқтатылған.
Қазақстандық мұнайдың тасымалына бұл жағдайдың қалай әсер еткені әзірге нақтыланбады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ресей мұнайын Қытайға жеткізу үшін Қазақстанды пайдаланбақ екені хабарланған болатын