Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты тергеудің қалай жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
– Бұл тергеу әлі де жалғасып жатыр. Алғашқы алдын ала қорытындылар үш айдан кейін комиссияға толық көлемде ұсынылған болатын. Қазір тергеудің анағұрлым терең кезеңі жүргізілуде, – деді Қалиақпаров.
Оның айтуынша, бірнеше күрделі сараптамалар жасалып жатыр.
– Бұл өте күрделі жұмыс. Тергеу аяқталған соң, алдыңғы есеп сияқты, толық нұсқасы бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады. Нақты мерзім айта алмаймыз. Мәселе өте маңызды болғандықтан, нақты осы уақытта шығады деп кепілдік бере алмаймын, бірақ жыл соңына дейін баяндама ұсынамыз, – деп уәде берді вице-министр.
КОНТЕКСТ
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 29 адам тірі қалған.