Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы 26 қарашада магниттік белсенділіктің күшеюін болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ғалымдардың айтуынша, таңғы сағат 6-дан түскі 12-ге дейін G1 деңгейіндегі магниттік ауытқу күтіледі. Бұл көрсеткіш «әлсіз» геомагниттік дауыл ретінде сипатталады
Бейсенбі күні дауыл болжанбайды, бірақ геомагниттік тербелістердің ықтималдығы 65 пайызды құрайды. Зертхана деректеріне сәйкес, шағын ауытқулардың ықтималдығы – 20 пайыз, ал толық тыныш жағдайдың ықтималдығы небәрі 15 пайыз.
Магниттік құбылыстар тек радиобайланыс пен спутниктердің жұмысына ғана емес, адамдардың денсаулығына да әсер етеді. Әсіресе созылмалы ауруы бар адамдар мұндай өзгерістерді қатты сезінуі мүмкін.
Дәрігерлердің ескертуінше, геомагниттік дауыл кезінде қан қысымы көтерілуі, жүрек аритмиясы пайда болуы және инсульт қаупі артуы ықтимал.
– Адам ағзасында электр өрістері бар. Сол себепті магниттік дауылдар ағзаға әсер етуі мүмкін. Магнит өрісінің тербелісі секундына 1–2 рет болады, бұл жүрек соғысына сәйкес келеді. Сондықтан диспансерлік есепте тұрған созылмалы ауруы бар науқастар мұндай құбылыстарды сезінуі мүмкін. Міндетті түрде жұмыс пен демалысты кезектестіріп отыру қажет. Бұл жағдайда демалысқа көбірек көңіл бөлген жөн, – деді мамандар.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қатерлі ісікке қарсы күресіп жүрген қазақстандықтар да, Еуропа тұрғындары сияқты, Беларуське барып емделетінін жазған едік.
Беларусьтегі Онкология және медициналық радиология жөніндегі республикалық ғылыми-практикалық орталық (РҒПО) Еуропадан, Қазақстаннан, Өзбекстаннан және Әзербайжаннан келген пациенттер санының айтарлықтай артқанын мәлімдеді.