Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтату жөніндегі бейбіт келісімнің шарттарын түпкілікті келісу үшін Дональд Трамппен алдағы күндері келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Axios басылымына берген пікірінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ермактың айтуынша, кездесу осы жұма 27 қарашада АҚШ-та атап өтілетін Алғыс айту күні өтетін болуы мүмкін. Бұған дейін Батыс басылымдары Ақ үй Зеленскийдің Трамп ұсынған жоспарға мерекеге дейін қол қоюын көздеп отырғанын жазған еді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Украина Трамптың Бейбіт жоспарына келісімін берген еді. Кейбір даулы мәселелерді Дональд Трамп пен Владимир Зеленский жеке талқыламақ.