АҚШ-тың бейбіт жоспары Ресей құжатына негізделіп жасалған - REUTERS

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

АҚШ қолдаған және Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспар өткен аптада жария болды. Reuters агенттігі бұл құжат Ресей тарапынан қазан айында Трамп әкімшілігіне берілген құжатты ескере отырып дайындалғанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Агенттіктің мәліметінше, ресейлік тарап президент Дональд Трамптың Вашингтонда Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуінен кейін, қазан айының ортасында АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдеріне құжат тапсырған. Бұл — бейресми дипломатиялық жазба, яғни «нон-пейпер».

Құжатта Мәскеудің соғысты тоқтату шарттары көрсетілген. Оның ішінде бұрын да айтылған, бірақ Украина қабылдамаған талаптар бар. Ең даулы тармақтардың бірі — Украинаның шығысындағы аумақтардың едәуір бөлігін Ресейге беру туралы талап.

Reuters бұл агенттіктің қазан айында хабарлаған құжаттың шынымен де АҚШ әзірлеген 28 тармақты жоспардың негізгі элементтерінің бірі болғанын алғаш растайтын дерек екенін атап өтеді.

АҚ ҮЙ НЕ ДЕЙДІ

Ақ үй ресейлік «нон-пейпердің» мазмұнын тікелей талқылаудан бас тартты. Алайда Дональд Трамптың жақында айтқан мәлімдемесіне сілтеме жасады: ол бейбіт жоспар бойынша «айтарлықтай ілгерілеу бар» екенін мәлімдеген.

Қазіргі уақытта Трамп әкімшілігінің неліктен және қандай механизм арқылы осы ресейлік құжатқа сүйенгені белгісіз.

АМЕРИКАЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ РЕАКЦИЯСЫ

Reuters дереккөздерінің айтуынша, құжатты зерттеген АҚШ-тың бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары оның ішінде мемлекеттік хатшы Марко Рубио Мәскеудің талаптарын Украина сөзсіз қабылдамайтынына сенімді болған.