Қазақстанда туды қорлағаны үшін айыппұл көлемі ұлғайды

Ulysmedia

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін салынатын айыппұлдың ұлғайтылғанын айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды

Ашық дереккөз

Енді мұндай құқық бұзушылық үшін айыппұл 10 350 000 теңгені құрайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» бағытындағы 372-бабына түзетулер енгізілді. Енгізілген өзгертулер нәтижесінде рәміздерді қорлағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері 3 мың АЕК-ке ұлғайтылды», - деді ол министрлік алқасында.

Қоғамдық жұмыстарға тартудың шекті мерзімі 600 сағаттан 900 сағатқа дейін ұлғайтылды.