Маңғыстауда тағы да мұнайшылар бас көтерді

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Маңғыстау облысында "Жалғызтөбемұнай" жұмысшылары ұжымдық шарттың толық орындалуын талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Азаттықтың” хабарлауынша Маңғыстау облысындағы "Жалғызтөбемұнай" компаниясының ондаған қызметкері 2024 жылы шілдеде жасалған ұжымдық шарттың толық орындалуын талап етіп отыр. 25 қарашада жазылған видеомәлімдемеде олар ұжымдық шартта көрсетілген 3.8, 5.93 және 5.95 тармақтар орындалмай жатқанын, былтыр күзден бері еңбек инспекциясы, прокуратура, еңбек министрлігіне шағым жазғанмен ешқандай нәтиже болмай жатқанын айтады.

ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАБЫ

Ал еңбек министрлігі биыл мамырда компания жұмысшыларына берген жауабында үстемақы мен зиянды жұмысқа қатысты тарифтер тиісті заңнамада бекітілгенін айтып, еңбек заңнамасы бұзылмағанын жазған.

БҮҒАН ДЕЙІН

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов Маңғыстау облысында үш сағаттан астам уақытқа созылған 11 ереуіл тіркелгенін айтқан еді.