Танымал шахматшы Гарри Каспаров Канадада өткен халықаралық қауіпсіздік форумында НАТО-ны қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Каспаров Дональд Трамптың Ресейдің Украинаға қарсы соғысін тоқтату жөніндегі «бейбіт» жоспарын неге байыппен талқылауға болатынын түсіне алмайтынын айтты. Оның пікірінше, бұл — «Украинаны сатып, Трамп отбасының баюына жол ашатын циникалық келісім».
Ал НАТО-ға қатысты Каспаров ашық түрде: бұл альянс — фикция деді. Оның айтуынша, Ресей агрессиясынан Еуропаны қорғайтын — НАТО емес, тек Украина.
— Бүгінде НАТО — фикция! Қазір бұл Альянс жоққа тән. Украина күн сайын қан төгіп жатыр, ал НАТО тек жиналыс өткізумен шектеледі. Путин болып жатқанның бәріне қол шапалақтап отыр. Ол қазірдің өзінде КХДР, Куба мен Африкадан жалданған әскерімен соғысып жатыр. Біздің қолымызда әскери, экономикалық, саяси күш тұрғанда, біз соғыста жеңіліп келеміз. Путиннің Ресей империясын қайта құру арманын жүзеге асырмай тұрған жалғыз нәрсе — Украина. Ал егер Киевті Трамптың жаңа «бейбіт» жоспарын қабылдауға мәжбүрлесе, Путиннің дегені сөзсіз болады. Келесі кезекте Еуропаның өзге елдері тұрады, бірақ олар соғысқа дайын емес, — деді Каспаров.