Аида Балаева премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘЖІЛІС
Мәжіліс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
ЖАРЛЫҚ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.