Елдің бірнеше өңірінде АИ-92 маркалы бензиннің құны белгіленген межеден көтеріліп барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Информбюро31 мәліметінше, бағасы 239 теңгеден аспауы тиіс отын Алматыда 241 теңгеге дейін қымбаттаған. Мұндай жағдай Астана мен Шымкентте де тіркелген. Мораторий күшінде тұрғанына қарамастан, елордада АИ-92 литрі 235–237 теңге аралығында сатылса, Шымкентте баға 219 теңгеден 225 теңгеге көтерілген.
Соған қарамастан, Энергетика министрлігі жанармай бағасында ресми өзгеріс жоқ екенін алға тартып отыр. Ведомствоның түсіндіруінше, әзірге жоспарланғандай тек АИ-95 пен АИ-98 маркалы бензиннің құны реттелген. Ал келесі кезең – келер жылдың сәуірінде жүзеге асады. Сол кезде мораторий аяқталған соң АИ-92, дизель отыны және сұйытылған газ бағасының өсуі күтіледі.
- 16-қараша кезіндегі берілген мараторийдан бүгінге дейін бағаның көтерілуін біз байқап жатқан жоқпыз. Оның қасында үлкен ірі жанармай құю станцияларынан ақпарат алып, олардың бәрін сәйкестендіріп, 15 қараша кезіндегі бағаларымыз қазіргі бағаға сәйкес тұр, дейді ҚР энергетика министрлігі мұнай және өңдеу департаментінің сарапшысы Бекзат Қожанжаров.
БАҒА
Еске салайық, бұған дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының құнын көтеруге қатысты шектеу келер жылдың көктеміне дейін күшінде болатыны хабарланған болатын.