Павлодар облысы әкімінің әпкесі көлікті мас күйінде айдағаны үшін 15 тәулікке қамалған

Ulysmedia
Фото: primeminister.kz

Павлодар облысы әкімінің әпкесі көлікті мас күйінде айдағаны үшін 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Вes.media сайтының жазуынша, 4 қараша кешкісін Экибастұз қаласындағы Петренко көшесінде патрульдік полицейлер Hyundai Tucson автокөлігін тоқтатқан. Көлікті Айгүл Байханова жүргізіп келе жатқан. Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің иісін сезілген. Осыдан кейін ол наркологиялық диспансерге жеткізіп, медициналық сараптама жүргізілген. Сараптама нәтижесі Байханованың жеңіл дәрежеде мас күйде болғанын растаған. Соның негізде әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот отырысында Айгүл Байханова өз кінәсін мойындамаған. Ол көлікті айдамағанын, тоқтап тұрған көлікке жылыну үшін жүргізуші жағына ғана отырғанын айтқан. Ол алкоголь ішкенін жоққа шығармаған. Оның бұл сөздерін жеке жүргізушісі де растаған.

Сот Байханованың мас күйде көлік жүргізу арқылы жол ережесін бұзды деген ұйғарымға келген. Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 608-бабы бойынша оны кінәлі деп таныған. 15 тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындаған және көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырған.

Әпкесінің әкімшілік қамауға алынуына байланысты Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановтың өзі де пікір білдірді. Ол заң барлығына ортақ екенін, оның алдында барлық адам тең екенін айтты.

«Менің үлкен әпкемнің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты мынаны айта аламын: барлық азаматтар заң алдында тең. Менің әкем де, отбасымыздың басқа мүшелері сияқты, бұл қағидаттан  тыс емес», – деп жазды ол.

Асаин Байханов Павлодар облысы әкімі болып 2022 жылы тағайындалған.