Қазақстандық азамат ресейлік радиоэфирді басып алды

Сырым Қаржас
Видео кадры

30 қараша күні Санкт-Петербургте қазақстандық ер адам «Радио ШОК» студиясына баса-көктеп кіріп, Украинадағы соғысқа қарсы пікірін білдіру үшін эфирді өз бақылауына алған. Студияда болған баспагер Глеб Стафеевтің айтуынша, ол жарылыс жасаймын деп қорқытқан, алайда бұл бопса болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жүргізуші Святослав Коровиннің сөзінше, ол есікті қаққаннан кейін ашқан, сол сәтте оны біреу итеріп жіберген. Студияға басып кірген ер адам тікелей эфирді талап етіп, микрофонды өзі қосқан. Бұл арада Стафеев оның назарын аударып тұрған кезде Коровин полиция шақырған. Құқық қорғау органдары жедел келіп, қарсылықсыз берілген адамды ұстап әкеткен. Қазір жағдайды ФҚҚ (ФСБ) тексеріп жатыр.

— Эфирден басқа ешқандай талабын айтпады. Микрофон алғаннан кейін арнайы әскери операцияға қарсы пікір білдіріп, Мәскеу мен атом бомбалары туралы айтты, — деді Стафеев «Фонтанка» басылымына.

КОНТЕКСТ

Басылымның жазуынша, ер адам өзін Нұрлан деп таныстырған, жасы — 52-де. Қазан айының ортасында ол дәл осы адам курьер кейпінде «Питер FM» радиостанциясының студиясына кіріп, эфирде «танымал пацифистік ұранды» айтуға талпыныс жасаған.