«Жомарт жұма» алдындағы несие толқыны: қазақстандықтар жеңілдік үшін қарызға кіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Prosper Pay және Biometric.Vision компанияларының бірлескен зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтардың шамамен 25%-ы «Жомарт жұма» кезінде тауарды жеңілдікпен алу үшін несие рәсімдейді.
Онлайн сауалнамаға еліміздің әр өңірінен 18–55 жас аралығындағы 1500 адам қатысқан. Нәтижесінде:
Зерттеу көрсеткендей, қарыз алғандардың жартысынан көбі кейін қаржылық қиындыққа тап болған: кейбірі қайтадан жалақыға дейін ақша жетпей қалған, кейбірі төлемді есептемей, қарызды кешіктірген. 27% респондент несие салдарынан қаржылық күйзеліс пен бюджет жоспарлаудағы қиындықты мойындады.
Бір реттік тиімді сатып алу көбіне қосымша шығынға әкеледі – пайыз, комиссия, айыппұлдар. Респонденттердің жартысы: «Егер жұмыс берушіден жалақының бір бөлігін алдын ала алуға мүмкіндік болса, несиеге жүгінбес едік» деп жауап берген.
Сонымен қатар зерттеуде «Жомарт жұма» кезінде онлайн-сатылымның өскені және цифрланумен бірге алаяқтардың белсенділігі артқаны атап өтілді.