Белгілі саясаттанушы Жеңіс Қасымбекті өткір сынға алды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Астанадағы жарнамалық баннерлер мен маңдайша жазулар мәселесі қоғамда қызу талқыға түсті. Саясаттанушы Ербол Еділов қала басшысының дизайн-кодты сақтаудағы әрекетіне қатты сын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еділовтің пікірінше, Астанада жарнамалық конструкциялар бойынша шынайы тәртіпсіздік орын алған.

- Астананың әкімдігі жариялаған дизайн-код бір жылдан астам уақыттан бері сақталмай келеді. Бұл – қала әкімінің PR-қадамы ма, әлде нақты бақылаудың жоқтығы ма? Қалада жарнамалық баннерлер хаосында нақты бардак қалыптасқан. Қаланың қандай жерінде дизайн-код сақталмайтынын көргендер фото жіберсін, – деді ол.

Саясаттанушы әкім Жеңіс Қасымбектің бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмегенін атап өтті.

- Дизайн-код бойынша былық бұрын да болған, қазір де сол қалпында, – деді Еділов.