Шетелден қаржы алатындардың жаңа тізімі жарияланды

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден қаржы алатын азаматтардың жаңа реестрін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2024 ЖЫЛҒЫ ЕСЕП

Биыл наурыз айында Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың екінші жартыжылдығына қатысты деректерді жариялаған болатын. Ол тізімде шетелден қаржы немесе мүлік алған тұлғалар көрсетілген еді.

2025 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫ

Бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған жаңа реестрді жариялады. Бұл жолы тізімде барлығы 186 азамат тіркелген.

РЕЕСТРДІҢ МАҚСАТЫ

Қазақстанда мұндай тізім 2022 жылдан бері жарияланып келеді. Бұл шара азаматтардың мемлекетке және үкіметтік емес ұйымдарға деген сенімін арттыруға бағытталған деп түсіндіреді жауаптылар. Комитеттің түсіндіруінше, шетелден алынған қаражат пен мүлік туралы есеп беру талабы халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді.

Бұндай тізім ең алғаш жариялғанда қоғам Ресей Федерациясындағы «шетелдік агенттер туралы» заң аясында қабылданған шараларды еске түсіреді деп және халықаралық құқықтық актілерде жазылған жеке бас құқығы мен кемсітпеу принципін қоса алғанда негізгі принциптерді бұзатынын айтқан еді.